«Тұлпарымды қашан бересің?»: Қайрат Нұртас 8 жыл бұрынғы уәдесін әлі орындамаған (ВИДЕО)

Ташкенттегі  концертінде бұрыннан бірде-бір концертін қалдырмайтын егде жастағы ер кісі сыйлығын табыстап, әншіден қарызын сұрады.

Танымал әнші Қайрат Нұртас Ташкентке гастролбдік сапарымен барып, концерт қойды.

Сол үлкен концертінде бұрыннан бірде-бір концертін қалдырмайтын егде жастағы ер кісі сыйлығын табыстап, әншіден қарызын сұрады.

«Мен сенің концерттеріңе 10 жылдан бері бала-шағаммен барып жүрмін. Сол концерттеріңе билет сатып, миллионер болып кеттім ғой Қайрат. Мынау медальдар менің балалаларымның аманаты. Қайратқа өз қолыңызбен табыстаңыз деді. Балаларың әлем чемпионы болсын. Менің балаларым әлем чемпионы болған кезде үлкен той жасап, сені, Төреғалиды, Нұрлан Өнербаевты Шақырамын», — деді ақсақал.

Сондай-ақ, ол өнер иесіне 104 жасқа келіп өмірден өткен әжесінің жайгамазын табыстап, сол кісінің жасына жетуін тіледі. 8 жыл бұрын берген уәдесін де есіне салды.

«2017 жылы концерт бергеніңде үлкен концерт залында сен белдік тағуды ұмытып кетіп, шыққан едің. Сол кезде мен өзімнің белдігімді шешіп беріп едім. Сол кезде маған ризашылығыңды білдіріп, бір тұлпар атағансың. Сол тұлпарды қашан бересің?», — деп әншіні ыңғайсыз жағдайға қалдырды.