Түлектер грант конкурсына қашан қатыса алады

Қазақстанда 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырдан басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, талапкерлер үшін ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасады. Биылғы тестілеу еліміздің 46 өңірлік орталығында өткізіліп жатыр. Барлық тестілеу пункттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Талапкерлерге екі мүмкіндік беріледі

«Талапкерлер тест тапсыру күнін, уақытын және орнын өздері таңдай алады. Сонымен қатар биыл да талапкерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижемен мемлекеттік грант конкурсына қатысу мүмкіндігі берілген», — деді министр.

2025 жылы орта білімді аяқтайтын талапкерлердің жалпы саны – шамамен 217 мың. Оның ішінде 183 мыңы ҰБТ-ға тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға артық (2023 жылы – 162 мың, 2024 жылы – 186 мың талапкер).

Грант конкурсы мен жоғары оқу орнына қабылдау мерзімдері

Грант тағайындау конкурсына құжаттар 13–20 шілде аралығында қабылданады. Нәтижелер 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына тіркелу 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Саясат Нұрбек сонымен қатар жоғары оқу орындарында ағымдағы оқу жылы 10 шілдеге дейін аяқталатынын, жаңа оқу жылына дайындық шаралары қатар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Министр барлық үдерістің бақылауда екенін жеткізді.