Қызылордада сыныптастары секс-құлдықта ұстаған оқушының ісі бойынша 13 күдікті анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бұл іс бойынша 13 күдікті анықталды, оның 11-і ұсталды, қалған 2 адам үй қамауында отыр. Қазіргі таңда қылмыстық істер қозғалды. Енді пікір білдіре алмаймын.
Себебі қалған жағдай тергеушілердің құзыретіне кіреді. Тергеу тобы бәрін тексереді. Клиенттерді де тексереді», – деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Фото: depositphotos.com
219