«Сыйлыққа алғам»: қызметкерлері жалақыға жарымаған министрдің қол сағатының құны қанша?

Еліміздің бас құтқарушысы БАҚ өкілдерінің сұрағына нақты жауап бере алған жоқ. Еліміздің құтқарушылары, жалақының аздығына налыған.  Олар «біздің жалақымыз аз болса да, төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты 2 млн теңге тұрады» деген мағынада шағым жасаған.

Министр Шыңғыс Әрінов өзіне қойылған сұраққа нақты жауап бере алған жоқ.

«Сағатымның құны 2 млн теңге емес…сыйлыққа алғамын, қарапайым сағат. Неше теңге тұратынын білмеймін, бірақ, нақты 2 млн теңге емес», – деді тікелей қойылған сұрақтан қашқақтаған министр.

Сонымен қатар министр «Майқайың» кенішіндегі шұңқырға түсіп кеткен адамдарды іздеу жұмыстары кейінірек қайта жалғасатынын айтты.