Эксклюзивті мазмұн:

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

«Сыбайластық бар»: Қызылорда облысында жерін даулаған шаруаларға полиция қысым көрсеткен

Қызылорда облысында күріш өсірумен айналысатын шаруалар өздеріне тиесілі егіс алқаптарын ала алмай келеді. Сырдария ауданында 260 астам үлескер өздерінің жерін ондаған жыл тегін пайдаланып келген С.Сейфуллин қожалығымен соттасып жүріп, үш жыл бұрын бөлініп шыққан еді. Пайға алған жерлерін даулаған ауыл адамдарына 732 гектар күріш алқабы берілуі тиіс болғанмен, іс жүзінде олар оған толыққанды қол жеткізе алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасаған qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Редакцияға шағымданған шаруалардың айтуынша, олар биыл да жерсіз қалып, күріштен түсетін пайдадан тағы қағылуы мүмкін. Өйткені кезінде халыққа тиесілі екі мың гектардан астам күріш алқабын қитұрқы жолдармен иемдену арқылы мол пайдаға кенеліп келген қожалықтың қожайындары сотты да, заңды да елемейтін көрінеді. Ал ондаған жыл өзіне тиесілі жердің түсімінен қағылып келген ауылдың ақсақалдары күріш өсірумен тым болмағанда жастар айналысу керек деп санайды.

«ӘКІМ ХАЛЫҚТЫ ЕМЕС, ҚАЛТАЛЫЛАРДЫ ЖАҚТАЙДЫ…»

«Ең басты проблема – ауыл шаруашылығы жерлері. 49 жылға алған жерлерімізді Сейфуллин серіктестігінен шығара алмай келеміз. Бәріміз үлескерміз. Директорына қаншама рет арыз бердік, қарамайды. Біресе коронавирус болды, біресе кворум болмады деген сан сылтау айтады. Соттасып жүргенімізге 6 жыл болды. Жалпыхалықтық жиналыс жасау жөнінде соттың шешімі де шыққан. Сот шешімі орындалмайды.

Қожалықтың төрағасы үлескерлердің тең жартысы жиналмады деген сылтаумен жиналыс өткізбей келеді. Қазір халықты жинау мүмкін емес, қайтыс болып кеткен, көшіп кеткен үлескерлер көп. Адамдар 10-15-тен бірігіп, шаруа құрып, бөлініп шыққысы келеді. Бірігіп  жұмыс істеп, бала-шағамызды асырасақ дейміз. Мен 7 жылдан бері серіктестікте жоқпын. Үлесте тұрған 35 гектар жерім бар. Сонда не үшін олар менің жерімді тегін пайдаланады?

Жерді иемденушілер кезінде өздеріне ыңғайлы нормалар шығарып алған. Соның зардабын ел әлі тартып келеді. Жалпы алғанда, үлесте тұрған жанұямызға тиесілі 35 гектар жеріміз бар. Аудан әкімі біледі, бәрі құлағдар. Бірақ бұл әкімдер халықты емес, қалталыларды жақтап келеді. Бір мен емес, осындағы ауыл халқының құқығы тапталып отыр», – деді Сырдария ауданының тұрғыны Мейрамбек Сейітмұратов.

«ӘКІМДЕР ЖҮРЕ ТЫҢДАЙДЫ…»

Жастар тұрмақ, бала кезінен бірге өскен ақсақалдар да өзара бөлініп, қызылкеңірдек болып жатыр. Тіптен үйде жатып, жан-жаққа домалақ арыздарды да жіберуден жалыққан емес. Сыр өңірінің тумалары жай уақытта бір-бірінің халін сұрамақ түгілі, мереке, той-томалақта да бастарын біріктірмейтін болған. Алтын бесік – ауылдан берекенің қашуына жердің қызығын ұзақ жыл көрген қожалықтың қожайындары себеп болып отыр деп санайды үлкендер.

«Бұл ауыл үшке бөлініп кетті. Біз жерімізді «С.Сейфуллин» атындағы бірлестіктен ала алмай жүрміз, бермей отыр. Оның негізгі қожайыны бұрын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған Алдоңғаров деген. Тоқаев «Жаңа Қазақстан құрамыз» деп жатыр. Ал бұлар әлі сол ескі Қазақстанның жүйесімен жүр. Құжаттарымызды да бермейді. Бұл баяғы 1937-38 жылдар емес қой. Егінімізді еге алмай, жерімізді жырта алмай қалдық. Отбасыма тиесілі 15 гектар жерім бар.

«Сейфуллин» қожалығының басшылары өз жеріміздің құжаттарын бермей отыр. Біз кімнен бөлініп, кімге қосылатынымызды өзіміз шешуіміз керек. Жерімізді қаншама жыл тегін пайдаланып келді. «Сейфуллин» серіктестігінің қожайындары ауыл халқының пайға алған жерлерін баяғыда иемденіп алған. Ауыл, аудан әкімі де халыққа қарайласып отырған жоқ.

Аудан әкімі халықтың проблемасын жүрдім-бардым тыңдайды. Ештеңе шешпейді. Айтылған уәделері орындалмайды. Табын деген рудан шыққан бір атаның балалары едік. Енді жерді иемденіп алған дөкейлердің кесірінен бір-бірімізбен «ырылдасып» жатырмыз. Жасым болса 77-ге келді. Бұлайша елді бүлдіру дұрыс емес. Өздері миығынан күліп, бүкіл елді ашуландырып отыр», – дейді Сырдария ауданы С. Сейфуллин ауылының тұрғыны Итемір Пазылұлы.

«ПОЛИЦИЯ ҚАМАЙДЫ, РЭКЕТ ҚОРҚЫТАДЫ…»

Ашулы ауыл адамдары жерге қатысты нормаларды қайта қарау керек деп санайды. Өткені ауыл халқының аңқаулығын, заңнан хабары аз екенін пайдаланған дөкейлер қожалықтың 90% мүлкін бір адамның атына, қалған 10%-ды 827 үлескерге тиесілі деген қаулы шығарып алған. Барлық адам жиналып, қарсы дауыс бергенімен, негізгі басымдыққа ие қожайын олардың пікірін жоққа шығара алады. Оның үстіне, мүшеліктегі 150-дан астам адам қайтыс болып кеткен. Елдің өзге өңірлеріне, тіптен шетелге көшіп кеткендері тағы бар екенін ескерсек, жалпыхалықтың жиналыс жасау мүмкін емес дейді тұрғындар. Тіптен жерлерін даулаған шаруларға өңірде танымал қылмыс әлемінің серкелері де қысым жасаған.

«2020 жылы сот арқылы, Үкімет адамдарына, депутаттарға барып жүріп 264 адам бірігіп, әрең дегенде 732 гектар жермен бөлініп шықтық. Бірақ олар сол жерлерімізді әлі күнге толық қайтармай келеді. Қайтыс болып кеткен адамдардың 50 мұрагері бар. Оларға  179 гектар жер тиесілі. «Сейфуллин» қожалығында жұмыс істемейтін, мүшелікте жоқ адамдардың 65  гектар пай үлесі тағы бар. Сонда барлығы 244 гектар жерді ала алмай жүрміз. Соңғы уақытта олар жиналысты да, құжаттарды да тіркемей отыр. Заң бойынша 15 сәуірден кейін жер рәсімделмейді. Өйткені егістік науқаны басталып кеткендіктен, жерді рәсімдеу тағы да күзге қалып қояды. Бұлар сол жыл сайын сан сылтаумен уақытты созып келеді. Жерді бермес үшін, уақытты созу үшін олар полицияға да домалақ арыздардар жіберді. Тіптен болмаған соң біздің шаруашылықтың төрағасын рэкеттер арқылы қорқытып-үркітуге көшті.

Қызылорда облысындағы қылмыс әлемінің серкесі саналатын рэкет шаруашылығымыздың төрағасына «Неге Оңғар Саймағамбетовтен жер сұрайсың, малымның жем-шөбін көтерсең тиіспеймін, болмаса өлгің келіп жүр ме?» деген. Бұлар заң аясынан да шығып кетті. Бүйте берсе, адам шығыны болады. Полицияның бір шаруаны жақтап, екіншісін қорқытуға, кәсіпкерлердің ісіне араласуға құқығы жоқ. Сырдария аудандық полиция басқармасының бастығы егістіктің басындағы техникаларымызды қамап, жұмысшыларды тергеп, жауап алғызып жатыр. Жұмыс істеуімізге кедергі келтіріп келеді. Неге? Өйткені бұл арада жемқорлық, тамыр-таныстық бар. Осы заңсыздықтар қашанға дейін жалғаса береді?

Бізге бермей отырған 244 гектар күріш алқабынан «Сейфуллин» серіктестігінің басшылары былтыр орташа есептегенде,  136 млн теңге пайда тапқан. Жерімізді бермей, өздері пайдаланып отыр. Осындай бассыздыққа барып отырған адамдар тұрғанда, Президенттің айтқан реформасы, Жаңа Қазақстан қайтып құрылмақ? 500-ге жуық жанұя жапа шегіп отыр», – деді «Құндызды жер» қожалығының  бұрынғы төрағасы Бөлеген Рахметов.

Сырдария ауданында күріш алқабына талас былтыр да болған. Ол кезде Асқар Тоқмағамбетов ауылының халқы тағы осы Алдоңғаровтар алып алған жерлерін даулаған еді. Тіптен егістікке таласқан екі тарап алқаптың басында бірнеше күн төбелес те ұйымдастырған. Ауылдың кәрісі мен жасы, әйелі мен келіндері болып алап басында айтысқан жағдайдан кейін аудан әкімі қызметінен қуылды. Ақыры пайын даулаған тұрғындар қысымға қарамастан жерлерін жекелеп алған еді. Дәл сол көрініс биыл Сейфуллин ауылында жалғасып жатыр.

«МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛКІН СЫЙҒА ТАРТЫП ЖІБЕРГЕН…»

«Сол жерлерді енді қожалықтың қожайындары таныс-тамырларына сыйға беріп келеді, бөлек шығамыз дегендерге кедергі келтіріп отыр. Алдоңғаровтың азабын тек осы Сейфуллин ғана емес, көрші Асқар, Шіркейлі сынды ауылдың адамдары да аз тартпады. Халыққа 49 жалға берілген 2 мың гектар жерді, техникасымен қоса Алдоңғаров өзінің тағы бір жекжаты Айнаш Досмырзаева деген зейнеткер әйелге «сыйға» тарта салған. Халыққа уақытша пайдалануға берілген мемлекеттің жерін, жалпы халыққа ортақ техниканы, қойманы қалайша ол танысына сыйға тартады? Заң қайда? Олар 827 үлескердің атынан сыйға тарту рәсімін Алматыдағы нотариус арқылы жасатқан. Сонда осындағы халықтың бәрі Алматыға барып, құжатқа қол қойып па? Әлде Сырдария ауданында нотариус жоқ па? Бұл – қулық, осындағы ел білім қоймасын деген әрекет. Мен жерімді ала алмай жүрген мұрагерлердің бірімін. 2004 жылы жерді 49 жылға үкіметтен жалға алғанбыз», – деді тағы бір ауыл тұрғыны Талапбек Созақбаев.

Өңірде жер жырту науқаны әлдеқашан басталып кеткен. Биыл Сырдария өзенінің деңгейі де жылдағыдан жоғары болғандықтан, шаруалар түсім де жоғары болады деген үмітте. Жер жыртудың орнына, даумен уақыт жоғалтып жатқан шаруалар жергілікті әкімдерге де өкпелі. Жікке бөлінген жұртына ие бола алмаған Сырдария ауданының әкімі де, «Сейфуллин» ЖШС қожайындары да аталған жағдайға қатысты ешқандай пікір білдіре алмады.

«Кішкентаймыздан бірге өскен ақсақалдар едік. Қазір бір-бірімізбен араласудан қалдық. Өте ұят жағдай болып тұр. Бәрінің дауы сол жер. Қалталылардан тиын-тебен алып алған үлкендер жеке шығамыз деген шаруалардың үстінен домалақ арызды жіберіп жатыр. Әкімдерден қайыр жоқ. Ауылдан береке кетті. Тіптен тасаттық бергенде де, тойға да ақсақалдар араласып, барудан қалды», – деді зейнеткер Жаппасбай Жүнісұлы.

Соңғы

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің 15 облысы мен 3 республикалық қаласынан іріктелген 28 оқушы қатысып, сөз сайысына түспек, -деп хабарлайды...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнарды атып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Күдіктінің 11 айға жуық уақыттан...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here