Суданда табиғат апаттан құрбандар саны көбейді. Елдің 10 штатында жауған нөсер жауын құрбандарының саны 138 адамға жетті. Бұл туралы сейсенбі күні елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.
Министрліктің мәліметінше, 12 420 үй толығымен құлаған. Сонымен қатар, Суданның бес штатында тырысқақ ауруының жаңа 102 жағдайы тіркелді және бес адам қайтыс болды. Жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны сәйкесінше 1223 және сегізге жетті.
– Жалпы 129 650 адамы бар 31 666 отбасымен байланысты 138 өлім тіркелді, – делінген ведомство хабарламасында.