Су тасқыны: «Дала қырандары» Орал қаласына көмекке барды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

«Дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Орал қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмектесуге келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Дала Қырандары» — бұл Қазақстан патриоттары жастар қоғамдық бірлестігі. Олар қоғамдық өмірде өзара көмек пен өзін-өзі жүзеге асыру үшін белсенді жастарды біріктіруді мақсат еткен.

Орал қаласына көмекке келген «қырандардың» ішінде бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те бар.

«Мен бүгін Орал қаласына, өзім туып-өскен жеріме келдім. Осындай қиын-қыстау заманда кішігірім болса да қол ұшымды беріп, ат салысып кетейін деген мақсатпен келдім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», — деді танымал спортшы.

«Дала қырандарының» Орал қаласына сапарын осы жерден көре аласыздар.