«Суға батқанына 20 минут болған»: Түркістанда ағайынды жігіттер 10 жастағы баланы құтқарды

Түркістан облысында ағайынды екі жігіт суға кеткен 10 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Түркістан облысы Арыс ауданы Ақдала ауылында болған. Түс мезгілінде төрт кішкентай бала суға шомылып, кенеттен бірі батып кеткен.

«Ағамның үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан едік. Бір кезде үйге кішкентай бала көмек сұрап, жылап келді. Дереу жүгіре жөнелдім. Су жағасында тағы да екі кішкентай бала жүр. Пайымдауымша, баланың суға кеткеніне жиырма минуттай уақыт болған. Тездетіп суға сүңгіп, су астын сүзіп шықтым. Бала байқалмайды. Ағамның 17 жастағы баласы да маған көмектесемін деп суға түсті. Түскен бойда: «Аға, мына жерде қол шығып тұрған сияқты» , – деді. Бала су астында бетонға қыстырылып қалыпты. Дереу тартып жағаға алып шықтық. Денесі көгеріп, ішіне су толып қалған. Жүрек соғысы да байқалмады. Көкірек тұсынан бастым. Кеудесінен 4-5 рет басқан соң бала шашалып, тыныс ала бастады. Інімді баланың жанына қалдырып, өзім ауылға қарай жүгірдім. Көлікпен баланы үйіне, сосын ауруханаға апардық», – дейді 25 жастағы Нұрғиса Жақсылық.

Он жасар баланы құтқарған 27 жастағы Нұрғиса Жақсылық Ақдала ауылында, ата-әжесінің қолында тұрады.

Оның інісі Әділет Жақсылық – Сабыр Рахымов атындағы әскери мектептің түлегі. Қос батырға риза болған көпшілік алғысын жаудырып жатыр.

«Адам боп туған соң басқаның да амандығын тілейсің ғой. Адамдар бұл дұниеге келген соң бір-біріне қол ұшын беруге міндетті», – дейді Нұрғиса.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here