Судандағы армия мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыс салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 459 адамға жетті, 4 075 адам жарақат алды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
«Қақтығыстарда 459 адам қаза тапты, 4 075 адам жарақат алды, менің ойымша, олардың нақты саны әлдеқайда көп», — деп келтіреді Al Jazeera ұйым өкілінің сөздерінен.
Суданда армия мен жедел әрекет ету күштері арасындағы қақтығыс екінші аптаға созылды. Хартум тұрғындары соғыс жүріп жатқан аймақтарда тұрып жатыр, себебі әскери штаб пен президент сарайы сияқты бірқатар нысан тұрғын үйлерге жақын орналасқан. Көптеген отбасылар жарықсыз, сусыз қалды. Тұрғындар үйлерінен азық-түлік пен су алу үшін немесе қаладан қашу үшін ғана шығады.
Qazaq.today