Халық су тасқынынан зардап шегіп, қиналып жатқанда туған күнін тойлап, бағалы сыйлықтарын жариялаған Нұрболат Абдуллин елдің сынына қалды. Алайда бір күннен соң әнші қзін халыққа қамқоршы ретінде көрсете отырып, билікті сынады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
«Үйі су астында қалған ағайындар жаппай мектептерге орналастырылған. Неге қонақүйге емес? Апартаментке немесе демалыс орталықтарына орналастыруға болады ғой. Халық үйі салынып біткенше не істейді? Соны ойлаймын. Омыраудағы бала, ата-әжелерге сондай қиын. Табиғи апат қаупі бар болсын, жоқ болсын әр қала, ауданға эвакуация пункттері салынуы міндетті деп ойлаймын», — деген пікір қалдырды әнші.
Бұған дейін әнші Жұбаныш Жексенұлы да су тасқынына қатысты өз ойын білдірген еді.