Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады

Фото: Ақорда

Президенттің жұмыс сапары 4 сәуір күніне жоспарланған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады», — деп жазды ол.