Су тасқыны: ТЖМ соңғы ақпаратты жариялады

[ad_1]

Бүгінде 8 өңірде су тасқынының беті қайтар емес. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

 

12 сәуір сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша азаматтық қорғау қызметі су тасқынынан 99 869 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 36 мыңы – бала. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 586 адам бар. Оның 3 197-сі – бала, — деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-да өткен брифингте.

 

Өңірлерде 9 млн текше метр еріген қар суы сорылып шығарылып, табиғи апатқа қарсы 1 млн 600 мың қапшық, 1 млн 200 мың тонна инертті материал төсілген.

Оның айтуынша, апаттық-құтқару жұмыстарына 34 272 адам, 4 мың техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылған.

 

Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула және 1 778 саяжай су астында қалды. 3 мың 52 үй мен 1 935 ауладан су бұрылған. Сондай-ақ 8 өңірде: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті деңгейдегі 34 төтенше жағдай жарияланды, — деді ТЖМ өкілі.

 

Ерасыл Сайпаш қауіптің беті әлі қайтпағанын атап өтті.

 

ТЖМ қазақстандықтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен рұқсатсыз шықпауға шақырады, — деді ол.

 

Бұған дейін Үкімет қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырған еді.