Су тасқыны: Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.