Су тасқыны: Мұғалімдерге жалақы қалай төленеді

Фото: Pixabay

ОКҚ-да Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы су тасқыны болған өңірлерде мұғалімдерге жалақы қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

«Бүгінде білім саласының 20 мың қызметкері волонтер ретінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып жатыр. Оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуация пунктерінде. Салалық келісімге сәйкес төтенше жағдай кезінде білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу төтенше жағдайға дейін белгіленген көлемде жүргізіледі», — деп түсіндірді ведомство өкілі брифингте.

Яғни Мереке Амангелдіқызының айтуынша, мұғалімдер төтенше жағдай жарияланғанға дейін алып жүрген ай сайынғы жалақыларын алады.