Бакуде өзін-өзі атып өлтірген Нихад Мамедлидің бірінші курс студенті екені белгілі болды.
Алынған ақпаратқа сәйкес, Нихад Мамедли — Әзербайжан техникалық университетінің ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар факультетінің студенті — әкесіне тиесілі атыс қаруынан үйінде өз-өзіне атып, өмірімен қош айтысқан. Бұл қайғылы оқиға Баку қаласының Бинагади ауданына қарасты Баладжары елдімекенінде болған.
Lent.az басылымының хабарлауынша, 18 жастағы Нихад Мамедли өзін әкесіне тиесілі атыс қаруынан атқан.
Оқиға орнына келген полиция мен прокуратура қызметкерлері қажетті тексеру жұмыстарын жүргізіп, суицид құралы ретінде қолданылған қаруды тәркіледі.
Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды.