Стратегиялық саммит: Орталық Азия мен Қытай серіктестігі жаңа деңгейге көтеріледі

Астанада «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті өтуде: басшылар көпжақты ықпалдастықты талқылайды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Бүгін, Астанада өңір елдері мен Қытай арасындағы қатынасты нығайту мақсатында «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті өтуде.
Саммитке:

  • Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

  • ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин

  • Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров

  • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон

  • Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов

  • Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қатысып отыр.

І саммиттен ІІ саммитке дейін

Бірінші саммит 2023 жылғы 19 мамырда Қытайдың Сиань қаласында өткен болатын. Онда мемлекеттер басшылары Сиань декларациясына қол қойып, келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттыруға уағдаласқан:

  • Сауда айналымы мен логистиканы дамыту

  • Электронды сауда мен кедендік инфрақұрылымды жетілдіру

  • Өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы

  • Трансшекаралық су ресурстары

  • Туризм мен мәдени-гуманитарлық байланыстар

  • Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық

Энергетика және инвестиция: нақты нәтижелер

Саммит қарсаңында бірнеше ірі форум өтті:

«Орталық Азия – Қытай: Энергетика» форумы:

  • Жаңартылатын энергия саласында Қытай қатысатын 30 жоба іске асырылуда (жалпы қуаты 1700 МВт).

Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы:

  • Жалпы құны 25 млрд АҚШ долларын құрайтын 60-қа жуық келісімге қол қойылды

  • Қазақстанда Қытай капиталымен 10 мыңнан астам компания жұмыс істейді

  • 224 жоба іске асырылып, 50 мың жұмыс орны ашылған

  • Уран кенін бірлесіп барлау туралы трансшекаралық келісімге қол қойылды

 Гуманитарлық форум: Жаңа көпірлер

Бүгін сонымен қатар «Тату көршілік және достық: болашаққа бірге қадам» атты гуманитарлық алмасу форумы өтті.

Ерлан Қарин: «Ақпарат, мәдениет және жаңа технологиялар саласындағы бірлескен жобалар елдеріміздің болашағына стратегиялық инвестиция болады».

«Орталық Азия – Қытай» саммиті – аймақ елдерінің көпвекторлы және прагматикалық сыртқы саясатының айқын көрінісі. Қазақстан ұсынған бастамалар тек экономикалық емес, саяси және гуманитарлық қатынастарды да жаңа белеске шығаруға бағытталған.