Фото: olympic.kz
Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінда» Қазақстан ерлер құрамасынан жартылай финалға 18 боксшы шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бүгін аталған турнирдің бесінші жарыс күні. Алғашқы төрт күннің қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасынан 18 боксшы жартылай финалға шықты. Ал 7 боксшы жарыс жолын аяқтады.
Жарыс жолын аяқтағандар қатарында Махмұд Сабырхан бар, ол тағамдық инфекция салдарынан шаршы алаңға жіберілген жоқ. Ал кеше Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында қолынан жарақат алып, жарысты тоқтатты. Ал оған дейін Саматәлі Төлтаев, Бекзат Алдамжаров, Нұрлан Сапарбай, Азамат Бектас және Дәулет Молдашевтар төрешілер шешімен қарсыластырына есе жіберді.
Қалған боксшылар әзірге жеңіліссіз жұдырықтасып келеді.
Тағы бір айта кетерлігі, қазақ боксшыларынан бір салмақ дәрежесінде жартылай финалға шыққан екі бірдей боксшыларымыз бар. Демек, осы кезеңде жеңіске жеткен жағдайда, финалда қазақ боксшылары өзара шаршы алаңда кездесуі мүмкін.
Жартылай финалдық жекпе жектер:
48 келі. Теміртас Жүсіпов vs Ергунал Сабри (Болгария)
51 келі. Даниял Сәбит vs Нижат Хусейнов (Әзербайжан)
54 келі. Тимур Қабдешов vs Кристофер Хиппократ (Франция)
57 келі. Оразбек Асылқұлов vs Худжаназар Нортожиев (Өзбекстан)
60 келі. Талғат Сырымбетов vs Радослав Росенов (Болгария)
60 келі. Серік Теміржанов vs Адам Хэшн (Ирландия)
63.5 келі. Ертуған Зейнуллинов vs Викторио Илиев (Болгария)
63.5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы vs Клэнси Дин (Ирландия)
67 келі. Төрехан Сабырхан vs Наби Исгандаров (Әзербайжан)
71 келі. Абылайхан Жүсіпов vs Ронтани Гуиди (Италия)
71 келі. Фарух Тоқтасынов vs Лорис Идризли (Косово)
75 келі. Сабыржан Аққалықов vs Рами Киуан (Болгария)
75 келі. Тимур Нұрсейітов vs Джавохир Умматалиев (Өзбекстан)
80 келі. Ерасыл Жақпеков vs Димежи Шиту (Ұлыбритания)
86 келі. Нұрбек Оралбай vs Семен Болдырев (Болгария)
86 келі. Бекзат Нұрдәулетов vs Ян Зак (Израиль)
92 келі. Данияр Рахымбердиев vs Вагкан Нанитзанян (Грекия)
+92 келі. Айбек Оралбай vs Дамар Томас (Ұлыбритания)
Странджа турниріндегі ерлер арасындағы жартылай финал 1 наурызға жоспарланған. Ал әйелдер арасында ақтық сынға өткен спортшылардың есімі бүгін, яғни 28 ақпан күні белгілі болады. Бұл сында Қазақстанның 14 бұрымды боксшысы бар.