Ақмола облысы прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты негізде талдау жүргізіп, Ерейментау ауданында бірнеше кемшілікті анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Соның арқасында мұғалімдерге жалпы 80 млн теңге сомманы құрайтын жалақы мөлшері төленді.
Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.
«Осы жұмыс аясында Ерейментау ауданының прокуратурасымен 9 мектепте 298 мұғалімге 80 млн теңге сомасында жалақы бойынша берешек белгіленді. Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді, осылайша 298 мұғалімнің конституциялық құқықтары қорғалды», — делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.