Спорт журналисі Ермұхамед Мәулен азаматтардың хабарландыру сайттарында Қазақстан туын сата бастағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Нұрлан Қоянбаев (әзілкеш – ред.) біздің құраманы қолдау үшін 20 000 ту сатып алды. Сол туларды екінші ойында таппай қалдық! Кейбіреулер оларды ақшаға сату үшін 6-7-еуден алып кеткен», – деді Мәулен.
Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандықтардың мұндай әрекетіне наразылық білдірді.
«Қазақстанда ештеңені тегін бермеген дұрыс»
«Ұят, масқара»
«Адамдар есінен адасқан», – деп жазды желідегілер.
Qazaq.today