СҚО-да екі көлік өртеніп, адамдарды күйік шалды

Фото: Smartnews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Екі жағдайда да өрт сөндірушілер көліктерді толығымен жанудан аман алып қалды.

Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.