Щучье қаласында 2 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Ақмола облысының Щучье қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.