Пара алған Қонаев қалалық сотының төрағасы Ж.Қ. Жанболатовқа сот үкім шығарды. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен экс-төраға 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Ол сотталушыға жазасын жеңілдету сылтауымен, аса ауыр қылмысты жеңілдету бойынша 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу арқылы, алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Қосымша жазалау шарасы ретінде Жанболатов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.