Сотталып кеткен экс-банкир Жомарт Ертаев тағы бір қылмыстық іске тартылды

Bank RBK-ның түрмеде отырған бұрынғы басшысы Жомарт Ертаев жаңа қылмыстық іске тартылды. Онда ол «қорғауға құқығы бар куә» құқықтық мәртебесін алды, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy -қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық порталы.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бүгін, яғни 17 маусымда пайда болған ақпараттың нақтылығын Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің өкілі Forbes.kz порталына растаған.

«Жаңа іс Bank RBK өкілдерінің құқық қорғау органдарына жүгінуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабына («Бөтеннің сеніп тапсырылған ірі көлемдегі мүлкін иемденіп алу немесе жымқыру») сәйкес қозғалған. Тергеуді Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олар қандай да бір күдік тағылмауы себепті қорғауға құқығы бар куәгер ретінде тартылған Жомарт Ертаевтың қатысуымен осы іс бойынша тиісті тергеу әрекеттерін жүргізеді», – делінген ақпаратта.

Құқық қорғау органдарында атап өткендей, «қылмыстық істің өзге мәліметтері жария етілмейді».

Тақырыпқа орай: Экс-банкир Жомарт Ертаевтың жазасы жеңілдетілді

Еске салайық, экс-банкир Жомарт Ертаев 2020 жылы қарашада Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен сотталған болатын. Сол кезде оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу мерзімі тағайындалған еді. 2021 жылдың наурыз айында Ертаев Bank RBK, Eurasian Bank және Qazaq Banki банктерінен несие ақшасын жымқырғаны үшін тағы бір қылмыстық іс бойынша сотталды.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here