«Сотталайын деп жатыр»: Боксшы Жаңқошқа қатысты тергеу амалдары қайта басталды

2023 жылдың тамыз айында 28 жастағы бойжеткен Әнару Құрманәлі танымал боксшы Жанқош Тұраров өзін зорлады деп мәлімдеп, оның үстінен арыз түсірген болатын. Ахатова шулы оқиғаға қатысты тағы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Көп ұзамай жәбірленуші бұл жөнінде ақпарат құралдарына сұхбат беріп, оқиғаның қалай өрбігенін баяндады. Алайда, арада біраз уақыт өткен соң, Тұраровтың адвокаты бұл айыптауды жоққа шығарып, істің тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады.

                                            Адвокат: «Істі қайта қозғаттық»

Жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, Бас прокурор Берік Асыловқа хат жолдап, істі қайта қарау туралы талап қойды.

«Істі қайта қозғаттық. Тергеу қаулысы бұзылды, енді бәрі басынан қаралады», – деп мәлімдеді Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова.

Адвокаттың айтуынша, бастапқы тергеу барысында:
🔹 Зорлау ісі бойынша тәркіленген заттардың жоғалғаны туралы хаттама көрсетілмеген
🔹 Биологиялық сараптама тағайындалмаған
🔹 Беттестіру кезінде жәбірленушіге 25 сұрақ қойылса, Тұраров тек «зорладыңыз ба?» деген сұраққа жауап берген

 Күдіктінің жары Клара Исаның мәлімдемесі

Бүгінде боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіде:

«Әнару Қалдыбек жауапқа тартылуы мүмкін, ол жала жапқаны үшін сотталайын деп жатыр», – деп мәлімдеген.

Бұл ақпаратқа қатысты NEGE тілшісі адвокат Ләззат Ахатоваға жүгінді.

«Бұл – жалған ақпарат! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз», – деді адвокат.

Оның айтуынша:
🔹 Жанқош Тұраров биологиялық сараптама жасауға екі ай бойы келмеген
🔹 Алматы қалалық соты мен Әуезов аудандық соты оны мәжбүрлі түрде тергеуге алу туралы шешім шығарды
🔹 Тергеу жазда өтуі тиіс болса да, беттестіру тек қаңтар айында өтті

«Клара Иса бұл іс бойынша ешқандай статусқа ие емес, оның мәлімдемесі заңсыз. Осы жалған ақпаратты таратқан адамдар мен оны тексермей жариялаған сайттар жауапқа тартылуы мүмкін», – деп түйіндеді адвокат.

Қазіргі таңда іс қайта қаралып жатыр, ал соңғы шешімді құзырлы органдар шығарады.