Сот отырысы кезінде Шерзат Болаттың әжесі сот залына жедел жәрдем шақыртты

Сот отырысы кезінде Шерзат Болаттың әжесі өзін жайсыз сезініп, сот залына жедел жәрдем шақырылды.

Қан қысымы күрт көтерілген кісіні фельдшерлер дереу тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Науқастың жағдайы бірқалыпты. Ауруханаға барудан бас тартты. Қан қысымы қазір тұрақты. Алғашқы көмек көрсетілді. Науқас күйзеліске түскеніне байланысты денсаулығы нашарлаған», – деді жедел жәрдем қызметінің фельдшері Бауыржан Сакипов.