Sorting by

×

Соры қалың Сомали: Президентке кезекті рет лаңкестер қастандық жасады

Сомали президентіне қастандық жасалды. Ел астанасы Могадишодағы президенттік сарай маңында ел президенті Хасан Шейх Махмудтың кортежіне бағытталған жарылыс болды. Шабуыл үшін жауапкершілікті «Аш-Шабааб» лаңкестік тобы өз мойнына алды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Әзірге президенттің жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ. 69 жастағы Хасан Шейх Махмуд 2022 жылы екінші мерзімге қайта сайланған. Ол 2012-2017 жылдары да Сомали президенті қызметін атқарған. Махмуд жемқорлыққа қарсы ұстанымы мен радикалды топтарға қарсы күресімен танымал.

Негізінен ислам дінін ұстанатын Сомали Африкадағы ең кедей елдердің бірі саналады. Азаматтық соғыстың тұтанғанына алпыс жылға жуықтап, жүздеген мың адам мерт болды.

Генерал Мохаммед Сиад Барре 1969 жылы әскери төңкеріс арқылы билікке келген. Одан кейін де әскери төңкерістер бірнеше рет болды. Мемлекет өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері даму жолына түсе алмай келеді.