Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы жолбарыстарды реинтродукциялау жоспарымен бөлісті. Айтуынша елімізге жақында Нидерланды елінен екі амур жолбарысы жеткізіледі
Министр еліміздің 2015 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен тиісті реинтродукция құжатына қол қойылғанын еске салды.
«Қаржыландыру толығымен олардан болады. Біз биыл жолбарыстардың алғашқы санын қабылдауға дайынбыз. Тарихқа сүйенсек бізде әрқашан жолбарыстар болған. Соңғы жолбарыс 1948 жылы өлтірілген. Олар Іле өзенінің сағасында (Сырдарияда) өмір сүрген. Бұл олардың қоныстаныуы мен таралуы үшін өте жақсы орын болды. Бүгін осы жолбарыстарды қабылдауға жағдай жасадық. Амур тұқымдас тұран жолбарысы өте төмен температураға төзімді. Сондықтан Нидерландыдан екі амур жолбарысын әкелуді жоспарлап отырмыз», – деді Нысанбаев мәжіліс аясында.
Министрдің айтуынша бұл жолбарыстар хайуанаттар бағында болады.
«Олар босатылмайды. Бірақ алынған ұрпақ табиғаттағы жағдайларға бейімделеді. Сонымен қатар келесі жылы Ресейден 3-4 жолбарыс алуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.