Соғыс насихатшысы Лепстің Қонаевтағы концерті өтпейтін болды

Соғыс насихатшысы ресейлік әнші Григорий Лепстің Қазақстандағы концерті өтпейді, деп хабарлайды Qazaq.today Алматы облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығын қолдайтын ресейлік әнші Григорий Лепстің

Ұйымдастырушы тарапынан келісімшарт біржақты тәртіпте бұзылғанын хабарлаймыз. Компанияның хабарлауынша, билет ақшасын алған жерден қайтарып алуға болады»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін, шілде айында Қонаев қаласында Григорий Лепстің ән кеші өтетіні айтылған.

Айта кетейік, ресейлік өнер иелері Николай Басков пен Григорий Лепс соғыста украин танкілерін жойғандарға 1 миллион рубльден беретінін жариялаған.

 

Qazaq.today