Смайылов Қытай инвесторлары БҚО-да жерді жалға алуға қатысты сыбысты түсіндірді

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысындағы 100 мың шаршы шақырымға жуық жерді қытайлық инвесторларға жалға беру жоспарланғаны туралы ақпарат тараған еді.

Сенат отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов бұл қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды  ulysmedia.kz

«Біздің жер кодексінде шетелдіктерге, шетелдік компанияларға немесе шетелдің қатысуы бар қазақстандық компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға немесе пайдалануға тыйым салынған. Мұндай мүмкіндік тек қазақстандықтарда ғана бар. Сондықтан мұндай мәселе қарастырылмаған және қарастырылмайды. Бұл біздің ұстанымымыз, мемлекет басшысы да бұл мәселе бойынша нақты жауап берді», – деді Смайылов.