Фото: oka.fm
Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы Үлбі көпірінің астынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына қаладағы Б.Александров атындағы спорт сарайының маңындағы көпірдің астында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.
«Оқиға орнына полицейлер шұғыл келіп жетті. Үлбі көпірінің астынан ер адам мәйіті табылды. Марқұмның кім екендігі анықталды. Алдын ала дерек бойынша оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ер адамның өліміне нақты не себеп болғаны сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ.