Скандинавиялық жүріс: Алматының 80 жастағы зейнеткерлері қаланың көшелері мен саябақтарында серуендеуде

Алматы қаласының егде жастағы адамдары «қартайдым» деген сөзді ұмыту керек.  24 қазанда Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына келушілер арасында скандинавиялық жүріс бойынша қалалық фестиваль өтеді. Қазір зейнеткерлер фестивальге мұқият дайындық  жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Мәселен, Әуезов ауданының зейнеткерлері Сайран көлінің жағасынан 5 шақырым жолды жаяу жүріп өтті. Іс-шараны аудан әкімдігі «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Осы орталықта 5 жыл сабақ берген жаттықтырушы Ксения Шклярдың басшылығымен барлығы 60 қарт адам қатысты. Марафонның ең қарт қатысушысы – ауданның 86 жастағы тұрғыны.

Әуезов ауданында екі «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жұмыс істейді, оған күн сайын 135 адам келеді. Аталған орталықтар ауданның 2990 зейнеткерін қамтиды.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы құрған. Онда білім беру, психологиялық, медициналық-әлеуметтік және демалыс бағдарламаларын қоса алғанда, орталық қарт адамдарға арналған іс-шаралар кешенін де ұсынады. Бұл орталықтардың маңызды мақсаты- қарттардың белсенді өмір салтын сақтау»,-деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 

Qazaq.today