Танымал әнші Сиви Махмудидың бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жарияланды.
Фото: instagram.com/zhuldyzdar.otbasy
Жаңалықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.
“Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті іздеуді жүргізіп жатыр”, – деп жазды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы.
Әншінің директоры мән-жайды түсіндіріп берді.
“Ол кісі де жаңалықтардан естіді. Бірақ екеуі бес жылдан бері бірге тұрмайды. Ол адамның не істеп жүргенінде шаруасы жоқ. Бұрынғы өмірі”, – деп қысқа қайырды арт-директор.
Еске салайық, «Күйеуім көшенің адамы болды» деп Сиви Махмуди балаларының әкесімен ажырасып кеткенін растаған еді.
121