Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Шымкентте лаңкестер жағында соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған радикалды діни ағымның жақтаушысын ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
ҰҚК баспасөз қызметі 2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергелуде, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
«ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.