Өсім көбейген: Қазақстанның сыртқы қарызы 165,8 млрд доллар болды

Фото: exclusive

Қазақстанның сыртқы қарызы 165,8 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ұлттық банктің мәліметінше, 1 қазанға дейін Қазақстанның сыртқы қарызы II тоқсанмен салыстырғанда $575 миллионға азайып, $165,8 миллиардты құраған.

«Қазақстанның сыртқы қарызының құрылымына тоқталсақ, оның $21,2 миллиарды қысқа мерзімді қарызды құраса, $144,6 миллиарды ұзақ мерзімді қарызға тиесілі», — деп жазылған Ұлттық банктің хабарламасында.

2023 жылдың III тоқсанының аяғында Қазақстанның сыртқы қарызы $161,9 миллиардты құраған еді. Бұл көрсеткіш 2024 жылы $3,9 миллиардқа өсіп отыр. Қарыз көлемі соңғы 5 жыл бойы тұрақты сақталып келеді.

Қазақ елінің билігі мен ұлттық компаниялар Нидерланды, Қытай, Жапония, Ресей және Ұлыбритания елдерінен көп қарыз алған. Қазақстан тіптен Бермуд аралдары мен Виргин аралдарына да қарыз.