ШЫҰ Саммиті: Араб шейхтары Қазақстанға ұшып келді

Рас-эль-Хайма әмірі Сауд ибн Сакр аль-Касими Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, шейхтің ұшағы кеше елорда әуежайына қонған.

Ведомство басшысы Жаслан Мадиев әмірді қарсы алды.

Былтыр мамыр айында Біріккен Араб Әмірліктері ШЫҰ-да диалог бойынша серіктес мәртебесіне ие болды, бұл мемлекетке ұйымның жұмысына белсенді қатысуға және басқа мүше елдермен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.