Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

«Шырылдап анасына араша түскен»: танымал журналист Гүлмира Әбіқай Түркістан облыстық ПД әрекетіне қарсылық білдірді

Түркістан облысында әйелін 7 сағат азаптап өлтірген күдіктіге полиция жеңіл айып таққан. Танымал журналиске, ерлі-зайыптының 8 сыныпта оқитын үлкен қызы аудиохабарлама жіберіп, отбасында болған жайтты егжей-тегжейлі айтып берген. Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, (instagram.com ) үйдегі төрт баланың үлкені 8 сыныпта оқиды. Журналист жасөспірім қыз отбасында орын алған қатыгездікке куә болғанын айтады.

«Шырылдап анасына араша түскен, полиция шақырған, жедел жәрдемді қарсы алған да сол. «Фельдшер келіп анамның құжатын сұрады, 83-ші жылғы, жас екен ғой», – дегенде анамның өлгенін біліп қойдым» – дейді баланың үлкені. Маған 10 минуттық аудио жіберіпті, анасының қалай өлім құшқанын егжей-тегжейлі жеткізіпті. Сұмдық… Кешкі 7-де басталған қорлау түнгі 2-де өліммен аяқталды. Адамнан жан шығу оңай ма, қайран әйел аттай жеті сағат қарсыласқан. Кішкентай балалардың қатыгез әкеге шамасы қайдан жетсін… Апасын (әкесінің анасын) шақырады, оны тыңдайтын бала қайдан?! Нұрайдың айтуынша, полиция келгенше апасы анасын ұрған моншадағы сынған бөтелке, үйдегі пештің темірлерін жинастырып орнына қойып қойған. Анасының қан киімдерін де тығып үлгерген», – дейді ол.

Гүлмира Әбіқай айғақты жоюға әрекет жасаған адамның ісі де дұрыс емес деген пікірде. Журналист осы орайда марқұм әйелдің туыстарының өтінішін де жеткізді. Марқұмның туыстары тергеуді Шымкент ПД жалғастырса деген өтініш айтқан. Ал полицияның мәліметінше, аталған жайт Ордабасы аудандық ПБ-де Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «кісі өлтіру» бойынша тіркелген.

«Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жолданды. Күдікті өзінің әрекетін мойындап, өкінішін білдіруде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады. Ерлі-зайыптының ата-аналары кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлығына алатынын айтып отыр. Сондай-ақ балаларға психологиялық көмек көрсетілген», – делінген Түркістан облыстық ПД ресми хабарламасында.

Қатыгез әке қамауға алынған. Алайда журналист оның үстінен қозғалған қылмыстық іске келіспейтінін мәлімдеді.

«Қазір Үкілайдың күйеуі қамауда, полиция ҚР қылмыстық кодекстің 99 баптың 1-ші тармағы бойынша іс қозғады: абайсызда адам өлтіру.
Марқұмның туыстары бұл бапты 5-ші тармаққа: аса қатыгездікпен өлтірді деп өзгертуін сұрайды. Сондай-ақ, маған ақпарат жеткізген әпкесі “Ордабасыда бәрі бір-бірін танитын туыс-таныстар болғандықтан іс бұрмалануы мүмкін, тергеуді Шымкент ПД жалғастырса деген өтінішін айтты. Шынында, «байқаусызда» дегенін қалай түсінеміз? Кешкі 7-ден түнгі 2-ге дейін саналы түрде әйелге күш көрсетіп, білгенін істеп, қатыгездікпен қорлаған өлім қалай байқаусызда болады?», – деп жазды журналист.

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here