Шымкенттегі түнгі клубта жаппай төбелес болды

Фото: pixabay
Төбелес 3 ақпан күні сағат 02:00 шамасында Pandora түнгі клубында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Келушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған.

«Полицияға 60-қа жуық адам жеткізіліп, барлығынан жауап алынды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.