Шымкенттегі шырғалаң: адам ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Фото: скриншот

Шымкентте бір топ жігіттің күштеп адам ұрламақ болған сәті видеоға түсіп қалды. Жалғыз адамды күштеп жүксалғышқа салмақ болған видео тарады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Желіде тараған видеода қаскөйлер ер адамды ұрып-соғып көліктің жүксалғышына салып алған. Кейін сол жердегі адамдар төбелеске араласпақ болғанмен, қаскөйлер қашып үлгерген.

«Әлеуметтік желіде ер адамға қарсы қылмыстық әрекеттерге қатысты видео тарады. Осыған қатысты полиция қызметкерлері дереу әрекет етті. Барлық қатысушылардың жеке басы анықталды, көлік табылды, екі күдікті ұсталды», — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.