Шымкенттегі шу: 6,4 млрд теңгенің жалған құжатын жасаған 17 лауазымды адам анықталды

Шымкентте жосықсыз компаниялар 6,4 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуы және «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұрудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде жосықсыз компаниялар 6,4 миллиард теңгеден астам сомаға нақты жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактура беру фактілері анықталды.

— Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен («Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау») қылмыстық іс қозғалып, экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында қала прокуратурасымен сотқа 4 талап арыз берілді, олар қаралу сатысында. Прокуратураның қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде 17 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

153