Шымкент жамағаты мешітте тағыда төбелесті. Мешітте жамағат намаз оқып жатқан сәтте белгісіз адамдар дау тудырып, намаздың оқылу әдісіне қатысты наразылық білдірген. Әлеуметтік желіде тараған видеоның тағыда сол Шымкент қаласының мешітінде түсірілігені айтылған. Бір топ азамат намаз оқып жатқан кезде екі адам наразылық тудырып, намаздың оқылу әдісіне арызданып тұр.
«Мұсылман мешіті, Әбу-Ханифа бойынша оқылады», — дейді кадр сыртындағы дауыс.
Ал видеоға түсіруге наразы азаматтар камераны ұрып, межітте бейәдеп сөздер айтып, қарсылық танытқан. Осыған дейін де Шымкенттің мешітінде қып-қызыл төбелес болған еді. ҚМДБ оқиғаның 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында болғанын хабарлады.