Шымкентте үйден өрт шығып, 22 жастағы жігіт күйіп қалды

Фото: egemen.kz
Шымкентте жеке үйде болған өрт кезінде 22 жастағы жігіт қатты күйіп қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

10 наурыз күні сағат 15:18-де Бибарыс Сұлтан көшесінде тұрғын үйдің шатыры, гараж және ВАЗ автокөлігі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт салдарынан 2002 жылғы жігіт I-II дәрежелі күйік алған. Гипербарикалық оттегімен емдеу орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрт 15:40-та оқшауланып, 16:13-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — делінген ресми хабарламада.

Өрт орнына төтенше жағдайлар департаменті мен Апаттар медицинасы орталығынан 20 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.