Фото: OTYRAR.KZ
Алдын ала ақпарат бойынша, рөлде әйел адам болған. Абырой болғанда, ол көліктен шығып үлгерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Куәгерлер бірден өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалған.
«Өртті сөндіруге 12 адам және екі техника бірлігі жұмылдырылды», — делінген Шымкент ТЖД хабарламасында.
Алайда өрт сөндірушілердің барлық күш-жігеріне қарамастан, көлік өртеніп кетті.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Материалдық залал сомасы белгіленеді.
Қазір тергеушілер өрттің себептерін анықтауда, көлік қысқа тұйықталу салдарынан өртенген болуы мүмкін.
13