Фото: Pixabay
Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушыға 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды», – делінген сот хабарламасында.
Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.