Шымкентте 12 қалалық емхананың диспансерлік есебінде тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл өңір прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде анықталды.
«Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды», — деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.