Шымкент тұрғындары белгісіз вирус жұқтырған

Шымкентте жергілікті тұрғындар белгісіз вируспен ауырып жатыр, — деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап .

ПТР сынамасы теріс және температурасы жоқ науқастардың тамағы ауруып, жөтеліп, ентігіп, буындары ауырсынған.

Шынар Оразова соңғы бір айда екінші рет ауырып жатыр. Әйел салқын сусындарды ішпегенін, сызда отырмағанын, қай жерде суық тиюі мүмкін екенін де білмейтінін айтады. Симптомдары екі уақытта да бірдей болды.

«Алғашында екі күн бойы мұрным бітіп су ақты, кейін тамағым ауырды, ақылы медициналық пунктке бардым, бәрі таза деді, сенде ЖРВИ бар, дәрі жазып берді, қазір емделіп жатырмын», — дейді Шымкент қаласының тұрғыны.

Дәл осындай басқа да жүздеген шымкенттік тұрғында байқалған. Мамандардың сөзінше, қалада вирус жүріп жатыр. Ақпан мен наурыздың өзінде шымкенттік дәрігердер 7962 ЖРВИ жағдайын тіркеген. Бұл былтыр дәл сол айлармен салыстырғанда екі есе көп.

«Науқастардың 72,5 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. 2021 жылдың күзінен биыл көктемге дейін 16 тұмау жағдайы тіркелді, оның алтауы — балалар», — дейді Шымкенттегі СЭО басшысы Жанар Жақсылықова.

Шымкент тұрғындарының сөзінше, емделуге біраз уақыт кетеді. Дәрігерлердің сөзінше, бұл ковид салдары болуы мүмкін, яғни иммунитет әлсіреп кеткен.

2