«Шымкент, сен не істеп жатырсың?»: Асхат Ниязов заманауи әжетхананың жағдайына таңғалды (ВИДЕО)

Журналист Асхат Ниязов Шымкент қаласында орналасқан қоғамдық әжетхананың жағдайына таңданды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Асхат Ниязов бөліскен видеодан Шымкент көшесінде орналасқан әжетхананың жақсы жай-күйін байқауға болады. Дәретханада керек-жарақтың барлығы бар. Соңғы үлгіде жасалған. Оның маңдайшасында miras.tazalyq деп жазылған. Журналистің өзі Шымкенттен мұндай жаңашылдықты күтпегенін жасырмай айтты.

Желі қолданушыларының пікірі сан түрлі болды.

«Ақша ұрланбаған жағдайда осындай болады», «Шымкенттер тұрамын. Бірақ мынаны бірінші рет көріп тұрмын», «Мұндай қымбат әжетхана орнатудың не керегі бар? Орнына бірнеше қарапайымын орнатуға болатын еді», —  деп жазды олар.

Журналистің видеосына университет ректоры үн қатып үлгерген.

«Құрметті желі қолданушылар, бұл әжетхана толығымен Мирас университетінің қаражатына салынды. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын да алынбай, қала әкімі Ғабит Сыздыбековтің қолдауымен тұрғызылды. Бұл қазірдің өзінде екінші нүкте (Спутник алаңы). Біріншісі өткен жылдың ортасында іске қосылды. Оны ғылыми жоба аясында салып жатырмыз. Кіру үшін QR кодын сканерлеп, тіркелу керек. Электр қуаты өшіп қалған жағдайда резервтік қуат көзі қарастырылған. Жоба әлі де пилоттық, бірақ кеңейту жоспары бар. Құрметпен, «Мирас» университетінің ректоры – Нұркен Халықберген», — деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Штрафстан (@shtrafstan.kz)