«Шығып үлгердік»: солтүстікке қазақтарды көшіріп жүрген белсендінің үйі толығымен өртеніп кетті

Фото: Бейнеден скрин

Алматы облысынан солтүстікке қоныс аударған қоғам белсендісі Бурақан Дақановтың үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданы Сергеевка ауылында тұрды. Оқыс оқиға 9 маусымға қараған түні болған.

Отбасындағ ыорын алған жағдайды қоғам белсендісі әлеуметтік желіге жариялады. Оның үйінің өрт шамамен түнгі 1-лерде шыққан. Оның барша құжаттары, дүние-мүлкі түгел өртеніп кеткен. Азаматтарды оңтүстіктен солтүстікке шақырып жүрген белсендісі балаларын аман алып шығып үлгерген.

«Өрт электр сымдарының тоғысуы кесірінен болды. Бала-шағамызбен шығып үлгердік. Ешкімді кінәлап отырған жоқпын», — деп жауап берді Бурақан Дақанов.

Оның Сергеевкадағы үйі 3 бөлмелі болған. Енді Бурақан Дақанов кішкентай төрт баламен баспанасыз қалды.

Қоғам белсендісі халықтан қолдау күтетінін айтып, желіде жазба жариялады.

«Мұндағы үйлер ағаштан жасалады екен. Сырты пенопластпен қапталған», — деді Бурақан Дақанов.