Ақтөбе облысында аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен мәслихат депутаты өздерінің алаяқтық әрекеттері арқылы бюджетке жүздеген миллион теңге шығын әкелген. Мұғалжар аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутатының алаяқтық жымысқы әрекеттерімен Антикор айналысқан. Екі шенеунікке қатысты соталды тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеліп отыр. Тергеу соты күдіктілерге қатысты қамауда ұстау және үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шараларына санкция берді», — делінген хабарламада.
Тергеу аясында күдіктілердің 640 миллион теңгеден астам сомаға ақшалай қаражаты мен түрлі мүлкіне тыйым салынды. Бұдан басқа, тергеу шеңберінде 359 миллион теңге сомасында материалдық залал өз еркімен ішінара өтелген.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияландайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі»- делінген хабарламада.