Фото: bbc.com
Шри-Ланкада өткен автожарыста 7 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі BBC — ге сілтеме жасап.
Әскери базалық қала Дияталауада өткен «Fox Hill Supercross» шарасында көлік жарыс жолағынан шығып кетіп, көрермендер отырған алаңға соғылған.
Қайтыс болғандар арасында кішкентай қыз бала да бар. Ел билігінің мәліметіне сүйенсек, қазір полиция апаттың себептерін анықтап жатыр. Шри-Ланкада автомобиль спорты қауымдастығы осындай автожарыстарды 1993 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ пандемия мен елдің экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты жарыс бес жылдан бері тоқтатылған еді. Жарысты ұйымдастырушылардың мәліметінше, көрермен ретінде 100 мыңға жуық адам қатысады деп болжанған.