ШҚО-ғы жол апатынан 3 адам қаза тапты

ШҚО-да бір күнде адам шығынына алып келген 2 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 шілде болған.

«Сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тасжолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.

Келесі жол апаты сағат 13:30 шамасында Өскемен – Рахман қайнарлары тасжолының 53 шақырымында болып, соның салдарынан екі адам қаза тапты. Бірнеше жолаушы дене жарақатын алды», — делінген хабарламада.

Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Құрметті жүргізушілер, полиция департаменті сіздерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады», — дейді тәртіп сақшылары.

Qazaq.today